Білім беру саласын сапамен қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттіктің атқарушы директоры Мәриям Мұқатова С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне алдын ала іс-сапармен келді.

Сапардың мақсаты – ЖОО-ның шұғыл түрде бағамдап, құжаттарды іріктеп тексеру, ЖОО-ның өзін-өзі бағалау есебінің әзірлеуі жөнінде ПМУ- да әкімшіліктің, жетекшілердің, құрылым бөлімшелерінің жұмыстарын саралау, декандар мен меңгерушілері үшін оқу семинарын өткізу.

Оқу семинарды ашқан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аккредиттеу органдарының ұлттық тізіліміне кірген аккредиттеу агенттіктердегі білім беру бағдарламаларының институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өту жөніндегі 2013 жылдық жетілдірілген жоспардың бекітілгенін мәлімдеді.

Қазіргі таңда С.Торайғыров атындағы ПМУ институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуді өткізу жөніндегі 4 шартқа қол қойды.

Серік Мәуленұлының айтуы бойынша, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және Білім беру саласын сапамен қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттік арасында бакалаврлық әрі магистратура бойынша 17 білім беру бағдарламаларына институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу өткізу жөніндегі 2 келісім-шарт жасалды.