2013 жылдың 1 сәуірінде Павлодар облыстық көркемөнер мұражайында «Студенттік көктем» онкүндігінің ашылуына орай «Студенттер көзқарасымен өмір» атты студенттік көрме Қазақстан Студенттер Альянсының Павлодар облысы белсенділерінің ұйымдастыруымен өтті.

 Шараның басты мақсаты – Павлодар жоғарғы оқу орны мен колледж студенттері арасындағы бейнелеу өнеріне құштар студенттердің туындыларын паш ету.

Шара барысында студенттер өздерінің ең көркем туындыларын көрмеге шығарды. Шығармашылық жұмыстар көрме қонақтарының көз қуанышына айналды.

«Жастардың басты қозғаушы күші - студенттер. Ал, студенттер арасында өнерлі жастар өте көп. Осындай шығармашылық көрмелер қаламыздың жыл сайынғы дәстүрлі мерекесіне айналады деп сенемін», – деді Павлодар облыстық Қазақстан Студенттер Альянсының көшбасшысы Әсия Мұқашева.

Көрмеге қатысқан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері: Ксения Моргунова, Назира Шамсенденова және ПМУ-дың колледжінің студенті Айнұр Бұлатова.