2013 жылдың 1 наурызында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының геоэкологиялық ерекшеліктері» атты халықаралық бейнеконференция өтті.
Аталмыш ғылыми іс-шараға Алтай мемлекеттік университеті геоэкология және табиғатты пайдалану кафедрасының доценті, г.ғ.к., халықаралық бағдарламалардың стратегиялық жоспарлау бөлімінің бастығы Татьяна Антюфеева (Барнаул қ.) мен Ақтөбе педагогикалық институты география кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к., доцент Гүлнәр Көбесова қатысты.
Конференцияны ашқан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті география және туризм кафедрасының профессоры, г.ғ.к. Антонина Царегородцева, ПМУ Алтай мемлекеттік университеті және Ақтөбе педагогикалық институтымен бірлесе отырып география және туризм кафедраның мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалар құруда деп мәлімдеді. Сонымен қатар, ЖОО-ның бөлімшелерін әдістемелік жағынан жарақтандыра отырып тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Антонина Григорьевна айтуы бойынша, келешекте ЖОО арасындағы ынтымақтастық география, экология және туризм саласындағы бірлескен оқулықтар шығаруымен жалғасуда.
Бейнеконференция барысында ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің инновациялық және жаңа технологиялар жөніндегі проректоры, б.ғ.д. Нұрлан Ержанов басқарған Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының геоэкологиялық ерекшеліктерін зерттеу мақсатымен өткізілген 3-жылдық кешенді жұмыстың нәтижелері анықталған. Ғылыми зерттеулерді ПМУ-дың ірі ғалымдары, соның ішінде ғылым докторлары және кандидаттар, география, биология және экология саласындағы докторанттар мен магистранттар өткізді.