Торайғыров университетінде «Студенттік көктем» аясындағы шығармашылық концерттер жалғасуда. Бұл жолы өз өнерлерін Сәулет және құрылыс факультетінің студенттері ұсынып, таланттарын, шығармашылық қабілеттері мен ұйымшылдықтарын көрсетті.

Концерт барысында ән мен би үйлесіп, сахнада түрлі жарқын қойылымдар ұсынылды. Студенттер әртүрлі шығармашылық нөмірлер дайындап, өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Студенттік көктем» – жастардың өз қабілетін танытып, жаңа бағыттарда бағын сынауына және университеттің шығармашылық өміріне белсене араласуына мүмкіндік беретін жоба. Әр концерт студенттердің өнерін көрсетуге ғана емес, факультеттер арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға да жол ашады.