Торайғыров университетінің ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты жыл сайынғы Жолдауын тыңдауға қатысты.

 

Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері және студенттер қатысты. Жолдаудың тікелей эфирі университеттің алты түрлі локациясында ұйымдастырылды. Сондай-ақ Жолдауды тыңдауға Торайғыров университетінің колледжі де қатысты.

 

Президенттің сөз сөйлеуі аяқталғаннан кейін Басқарма төрағасы – ректор Нұрлан Медетов ғылыми қауымдастыққа үндеу жасап, Жолдаудың елдің одан әрі дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Ол жоғары оқу орындарының Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтарды іске асырудағы, ғылым мен инновацияларды дамытудағы, жасанды интеллектіні енгізудегі және білікті мамандар даярлаудағы айрықша рөліне тоқталды.

 

Өзінің жыл сайынғы Жолдауында Мемлекет басшысы ел дамуының жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттер мен басым бағыттарды айқындады. Жоғары білім беру жүйесі үшін ғылым мен инновацияларды дамыту, цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні енгізу және заманауи сын-қатерлерге жауап бере алатын кадрларды даярлау мәселелері ерекше маңызға ие.

 

Торайғыров университеті үшін бұл бағыттардың практикалық маңызы зор. Университет ғылыми зерттеулерді, цифрлық құзыреттерді және білім беру бастамаларын жүйелі түрде дамытып, студенттер мен оқытушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуде.

 

TOU ұжымы білім беру сапасын арттыруға, ғылымды дамытуға және технологиялық әрі қоғамдық өзгерістер жағдайында сұранысқа ие мамандар даярлауға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.