Торайғыров университетінде Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылына арналған «XVIII Торайғыров оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Қатысушылар өзекті ғылыми зерттеулерді, цифрлық технологиялардың дамуын және жасанды интеллектіні түрлі салаларда қолдану мәселелерін талқылады.



2009 жылдан бері өткізіліп келе жатқан конференция биыл он сегізінші рет ұйымдастырылды. Конференция бағдарламасы сегіз секция мен 25 секцияішілік бағытты қамтыды. Жинаққа 580 мақала қабылданып, секциялық отырыстарға 180 жұмыс ұсынылды.



Пленарлық отырысты университет ректоры Нұрлан Медетов ашты. Баяндамаларда жасанды интеллектіні ғылым мен білім беруде қолдану, университеттердің цифрлық трансформациясы және мамандар даярлаудың жаңа технологиялары қамтылды. Торайғыров университетінің, Astana IT University және Малайзиядағы Путра университетінің өкілдері өз зерттеулерін таныстырды.



Пленарлық отырыстан кейін конференция жұмысы секциялық алаңдарда жалғасты.



Қатысушылар зерттеу нәтижелерін ұсынып, ғылыми тәжірибе алмасты және жаңа әзірлемелерді білім беру мен кәсіби қызметке енгізу мүмкіндіктерін талқылады.