Торайғыров университетінде «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандығының студенттері «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдерімен кездесті.



Кездесу барысында мамандар Қазақстандағы автомобиль жолдарының ұзындығы және оларды күтіп-ұстауға жауапкершіліктің бөлінуі туралы айтып берді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісін басқаруды жүзеге асырады. Ал жергілікті маңызы бар жолдар өңірлік құрылымдар мен тиісті мердігер ұйымдардың қарауында.



Кездесуде жаңа көпір құрылысы жобасына да ерекше назар аударылды. Компания өкілдерінің айтуынша, нысанды салу барысында оны осындай типтегі бірегей құрылыс нысанына айналдыруы мүмкін технология қолданылуда. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін нысанды Гиннестің рекордтар кітабына енгізуге өтінім беру жоспарланып отыр. Көпір арқылы қозғалысты 2027 жылы іске қосу жоспарланған.



Сондай-ақ кездесуде жол саласы бойынша кадрлық қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Қазіргі таңда автомобиль жолдарын салу саласында білікті мамандарға сұраныс жоғары. Бұл ретте аталған мамандық түлектері арасында бәсекелестік деңгейі салыстырмалы түрде төмен болып отыр.



Сала өкілдері автомобиль жолдарын салу және пайдалану бағытындағы мамандықтарға талапкерлердің қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті. Бұл саладағы кадрлық әлеуетті одан әрі нығайтуға және жас мамандардың кәсіби дамуына мүмкіндік береді.