Торайғыров университетінің IT мамандықтарында білім алатын 3–4 курс студенттері үшін Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлерімен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.

 

Кездесуді Тергеу басқармасының басшысы П.А. Шакенов, Превенция және талдамалық әзірлемелер басқармасының басшысы Н.М. Настас және Әкімшілік басқармасының бас маманы С.К. Журсунов өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді қаржылық мониторинг органдарындағы кәсіби қызмет мүмкіндіктерімен таныстыру, сондай-ақ болашағы зор IT мамандары қатарынан кадрлық резерв қалыптастыру.

 

Кездесу барысында студенттерге қызметке қабылдану тәртібі, іріктеудің негізгі кезеңдері және кандидаттарға қойылатын талаптар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар Департаментте өндірістік практика мен тағылымдамадан өту мүмкіндіктері таныстырылды.

 

Департамент өкілдері қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимыл жұмыстары, сондай-ақ оларды анықтау және тергеп-тексеру барысында қолданылатын талдамалық және техникалық құралдар туралы айтып берді.

 

Кездесу студенттер мен Департамент өкілдері арасында тікелей пікір алмасуға мүмкіндік берді. Студенттер қызметке қабылдану тәртібі, кәсіби талаптар және одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

 

Іс-шара қорытындысы бойынша IT мамандықтарының студенттерімен одан әрі өзара іс-қимыл жасаудың перспективалы бағыттары айқындалды. Оның ішінде кәсіби байланысты жалғастыру, сондай-ақ практикадан, тағылымдамадан өту және қызметке орналасу үшін кандидаттарды қарастыру мәселелері қамтылды.