Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру және Кибермәдениет айлығы аясында Торайғыров университетінің бірінші курс студенттеріне арналған «CyberSecurity with AI» кездесуі өтті.

 

Іс-шараның спикері – киберқауіпсіздік саласының маманы Нұржан Садық. Кездесу барысында ол киберқауіпсіздік бағытындағы жеке тәжірибесімен бөлісіп, осы салада маман болу үшін қандай білім мен дағдыларды меңгеру қажет екенін айтып берді. Сондай-ақ жасанды интеллекттің ақпараттық жүйелерді қорғауда қалай қолданылатынын түсіндірді.

 

Қатысушылар киберқауіпсіздік саласындағы негізгі осалдық түрлерімен танысып, оларды анықтау және жою бойынша практикалық ұсыныстар алды.

 

Іс-шара студенттердің болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттырып, цифрлық сауаттылығын дамытуға және ақпараттық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті