Торайғыров университетінің командасы алғаш рет Павлодар облысының үш жоғары оқу орнының командаларын біріктірген «DÖIT» зияткерлік-креативтік жобасында 1-орынға ие болды. Жоба қатысушылардың эрудициясын, креативті ойлауын, командалық жұмысын, өз ойын дәлелдеу және практикалық міндеттерді шешу дағдыларын дамытуға бағытталды.



Қатысушылар «Танысу», «Жаттығу», «Жаса және сат», «Пікірсайыс», «Көркем оқу» және «Мәселені шешу» атты алты кезеңнен өтті. Студенттер сұрақтарға жауап беріп, жарнамалық тұжырымдамалар әзірледі, пікірсайыстарға қатысып, өзекті мәселелердің шешу жолдарын ұсынды.
 


Шығармашылық кезеңдерде қатысушыларға заманауи цифрлық және AI-құралдарын пайдалануға мүмкіндік берілді. Командалардың өнер көрсетуі бес адамнан тұратын қазылар алқасы тарапынан бірыңғай бағалау критерийлері бойынша бағаланды.



TOU командасы білімін, креативтілігін, бастамашылдығын және командалық жұмыс дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.



Торайғыров университетінің командасын лайықты жеңісімен құттықтаймыз!