Торайғыров университетінде «Жерүсті және жерасты суларының сапасын мониторингтеу: іргелі негіздері және халықаралық тәжірибе» тақырыбында ашық дәріс өтті. Іс-шараның спикерлері Германияның Dresden Groundwater Research Centre (DGFZ e.V.) сарапшылары — Dr. Jana Sallwey және Ms. Morgane Minning болды.



Дәріс барысында қатысушылар жерүсті және жерасты суларының сапасын бақылаудың заманауи тәсілдерімен, мониторинг жүргізу әдістерімен, сондай-ақ су ресурстарын зерттеу және басқару саласындағы халықаралық тәжірибемен танысты. Су нысандарын мониторингтеудің іргелі негіздеріне және олардың жай-күйін бағалаудың заманауи әдістеріне ерекше назар аударылды. Сарапшылар заманауи зерттеу тәсілдерін қолдану тәжірибесімен бөлісіп, экологиялық және гидрогеологиялық зерттеулерді дамытуға пайдалы болатын халықаралық тәжірибелер туралы айтып берді.



Ашық дәріс студенттер, жас ғалымдар, экологтар және су ресурстары саласында жұмыс істейтін мамандар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Іс-шара білім мен тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаңға айналып, қатысушыларға су сапасын мониторингтеудің заманауи әдістері және су ресурстарын сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.