Торайғыров университетінде Қазақстан Республикасының Конституциясы нормаларын түсіндіруге бағытталған «Конституция – ел болашағының негізі» тақырыбында бірінші курс студенттеріне арналған дәрістер өтті.
 
 
Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің конституциялық құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін арттыру, құқықтық сауаттылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының негізгі заңындағы маңызды нормаларды түсіндіру.
 
 
Тақырыпты жан-жақты түсіндіру мақсатында дәрістерді Торайғыров университетінің тәжірибелі әрі білікті мамандары жүргізді. Атап айтқанда:
 
 
* «Үштұғырлы тіл» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты А. Зейнулина;
* Философия және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Г. Каппасова;
* Философия және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Б. Поломорчук;
* «Құқықтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Г. Шамшудинова.
 
 
Дәріс барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандармен пікір алмасты. Бұл кездесулер жастардың құқықтық білімін тереңдетіп қана қоймай, Конституцияға деген құрметін арттыруға мүмкіндік берді.