Торайғыров университетінде бірінші курс студенттеріне арналған Бағдарлау апталығы аясында TOU CONNECT: OPEN AIR шығармашылық кеші өтті.

 

 

Шара жаңа достар табудың және сабақтан тыс уақытта университетте тиімді уақыт өткізу туралы мәлімет алатын алаңға айналды. Кеш бойы Open Mic форматында студенттерге өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік беріліп, студенттер сахнаға шығып, өнерлерін ортаға салды. Қатысушыларға студенттік ұйымдардың белсенділері де қосылды.

 

 

Сондай-ақ алаңда «Тілектер бұрышы» жұмыс істеді. Онда бірінші курс студенттері өз идеялары мен тілектерін қалдырып, университет өмірінен не күтетіндері туралы пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік алды.

 

 

Студенттерге арналған бағдарлама осымен аяқталмайды. Алдағы демалыс күндері бірінші курс студенттерін жаңа, қызықты шаралар күтеді. Олар бір-бірімен жақынырақ танысып, университет қауымдастығының бір бөлігі болу мүмкіндігіне ие болады.