Торайғыров университетінде бірінші курс студенттеріне арналған бағдарлау апталығы басталды. Дәстүр бойынша, бұл апта жаңа студенттердің университеттің академиялық және әлеуметтік өміріне сәтті бейімделуіне көмектесу мақсатында ұйымдастырылады.



Жаңа студенттерге университет бойынша экскурсия ұйымдастырылып, олар оқу үшін қолжетімді ресурстар мен мүмкіндіктер туралы ақпарат алған Beisembayev Library кітапханасымен танысты. Сондай-ақ кампуста ұйымдар мен студенттік бірлестіктердің көрмесі өтті. Оның барысында бірінші курс студенттері түрлі бағыттағы қызметтермен танысып, өздерін қызықтыратын ұжымдарды таңдай алды.



Бағдарлау апталығы бірінші курс студенттеріне университет ортасымен танысып, жаңа студенттік өмірге алғашқы қадамдарын жасауға мүмкіндік береді. Алдағы күндері студенттерді факультеттерде өтетін кездесулер күтеді.