Павлодар қаласындағы Банк ЦентрКредит филиалы Торайғыров университетіне кітап сыйлады.



Торайғыров университетінің 500 мыңнан астам кітап қоры бар “Beisembayev Library” кітапханасы Әбіш Кекілбайұлының “Елең-алаң” романының жаңа басылымымен толықты.



Торайғыров университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Нұрлан Медетов, Қасым-Жомарт Кемелұлының “Кітап оқу - ұлттың озық қасиетіне айналуы тиіс” -деген сөзіне тоқталып, Банк ұжымына алғысын білдірді.

 


Белгілі жазушы Әбіш Кекілбайұлының қаламынан шыққан “Елең-алаң” романы - қазақ халқының тарихи тағдыры, елдік санасы мен рухани болмысы көркем түрде суреттелген шығарма.



Сыйға тартылған шығарманың алғы сөзінде “Банк ЦентрКредит” АҚ Президенті Р.В. Владимиров: “Қазақстаннның қазіргі көп векторлы саясаты тұрғысынан алғанда, бұл әдеби шығарма әртүрлі өркениет пен сан түрлі мәдениет, әрқилы көзқарастар арасында өзара түсіністік қалыптастырып, адамдардың бір-бірімен жақын қарым-қатынас орнатуына жол ашады”- деген ой білдіреді.



Бұл игі қадам университетімізде кітапқұмарлар қатарын арттырып, зерделі әрі зейінді ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосары сөзсіз.