ҚР Ата заңының күшіне енуіне орай Торайғыров университетінде «Жаңа Конституция – өзгерістер мен мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 


Іс-шараның негізгі мақсаты - ҚР Жаңа Конституциясының қоғам өміріндегі маңызын талқылау, ұжымның және білім алушылардың конституциялық мәдениетін арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және жастардың құқықтық сауаттылығын дамыту болды.
Дөңгелек үстелде Торайғыров университетінің ғалымдары Конституция мазмұнына
өздерінің сарапшылық көзқарастарын білдірді. Қатысушылар реформалардың мазмұны мен олардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтудегі және қоғамның демократиялық дамуына ықпал етудегі маңызын талқылады. Жаңа Конституцияның ғылым кеңістігіне әкелер игі жаңашылдықтарына кеңінен тоқталып, мол мүмкіндіктерге жол ашылғандығы да тілге тиек етілді.

 


«Жаңа Конституция – өзгерістер мен мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстел қатысушылар үшін өзекті құқықтық мәселелерді талқылауға арналған тиімді пікірталас алаңына айналып, Конституцияның қоғамдағы орны мен маңызын тағы бір мәрте айқындады.



Барлық Отандастарымызды тағы бір мәрте Жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз!