Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Тұлпар» спорттық-сауықтыру кешенінде қазақстандық Күміс университеттер қауымдастығының жазғы мектебі өтті.

 

Аталған шараға Торайғыров университеті атынан «Үштұғырлы тіл» кафедрасының аға оқытушысы Баянгүл Рамазановна Кожахметова мен «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы меңгерушісінің м.а. Асқар Жолдасбекұлы Куватов жаттықтырушы-оқытушылар ретінде қатысты.

 

Баянгүл Рамазановна «Тіл – көңілдің кілті» тақырыбында қазақ тілі бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, тыңдаушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруға және сөйлеу дағдыларын дамытуға үлес қосты.

 

Ал Асқар Жолдасбекұлы егде жастағы тыңдаушыларға тоғызқұмалақ пен асық ойындары бойынша шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. Қатысушылар ұлттық ойындардың зияткерлік және денсаулыққа пайдалы қырларымен танысып, олардың тәрбиелік маңызын жоғары бағалады.