Торайғыров университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Айтмұхамет Қасымбайұлы Тұрышевтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Жаһандану кезеңіндегі тіл теориясы мен тарихы мәселелері және “Түгел адам” концепциясы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.
Конференцияның ашылу рәсімінде Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы И.С. Теренченко Павлодар облысының әкімі А.Қ. Байхановтың құттықтауын жеткізді.
Торайғыров университетінің Басқарма Төрағасы – ректоры Н.Ә. Медетов өз сөзінде мерейтой иесінің отандық ғылым мен жоғары білімді дамытуға қосқан елеулі үлесін атап, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің “Ахмет Байтұрсынұлы” төсбелгісін табыстады.
Пленарлық мәжілісте Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Бекжан Әбдуәлиұлы, Alikhan Bokeikhan University профессоры, филология ғылымдарының докторы Ш.Б. Сейітова, Торайғыров университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты А.О. Кәріпжанова, сондай-ақ Түркия Республикасындағы Ататүрік университетінің ассистент-профессоры Мольдир Булут баяндама жасап, профессордың ғылыми мұрасы мен түркітану, тіл білімі саласындағы еңбектеріне тоқталды.
Конференция аясында профессор Айтмұхамет Қасымбайұлының жаңа ғылыми басылымдарының тұсаукесер рәсімі өтті. Жаңа еңбектердің ғылыми маңызы мен мазмұны туралы Г.Ә. Сәрсеке, профессор Н.Қ. Жүсіпов және профессор Е.Ө. Жұматаева пікір білдірді.
Халықаралық ғылыми конференция ғылыми сабақтастықты нығайтуға, гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасуға және профессор А.Қ. Тұрышев еңбегін кеңінен танытуға арналған ғылыми алаңға айналды.







