Toraighyrov University қызметінің сапасы әлемдік QS World University Rankings 2027 рейтингінде тағы да расталды. Университет 1401+ санатындағы өз орнын сақтап қалды.

 


Әлемнің түкпір-түкпірінен бағаланған 8 808 университеттің ішінен қорытынды жарияланған тізімге 106 елден 1 504 жоғары оқу орны ғана енді. Осы беделді тізімде Қазақстанның 18 жетекші университеті ұсынылған.

 


Toraighyrov University студенттер қауымын профессор-оқытушылар құрамымен қамтамасыз ету көрсеткіші бойынша сапалы өсім көрсетті. Оқытушылар мен студенттер арасындағы қолайлы арақатынас индексі академиялық қызметкерлердің оқу үдерісіне жоғары деңгейде тартылғанын және сапалы білім беру миссиясына адалдығын дәлелдейді. Университет түлектерінің оқу орнын тәмамдағаннан кейінгі алғашқы 6 ай ішінде жұмысқа орналасу деңгейі жоғары көрсеткішке жетіп, 92,1%-ды құрады.

 


ToU ғылыми өнімділігінің негізгі қозғаушы бағыттары ретінде «Инженерия және технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдары», сондай-ақ «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» салалары танылды.

 


ToU Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мен ғылымды дамытудың тұжырымдамасына сәйкес өзінің ұзақ мерзімді стратегиясын жүйелі түрде жүзеге асыруды жалғастыруда.

 


ToU ұжымын және білім алушыларды осы жетістікпен құттықтаймыз! Алға қойылған барлық мақсаттар мен міндеттердің табысты жүзеге асуына тілектеспіз!