Жыл бойында университет жұмысына белсенді қатысып, жастар саясатын дамытуға үлес қосқан студенттерге “Баянтау” орталығында “TOU CAMP” ұйымдастырылды. 

 

 

Екі күнге созылған лагерь барысында студенттер спорттық спартакиадаға қатысып, өзара бақ сынады. Сонымен қатар, қызықты квест ойындары ұйымдастырылып, көшбасшылық, командалық жұмыс және тиімді коммуникация тақырыптарында тренингтер өткізілді.

 

 

Лагерьдің екінші күні қатысушылар Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің көрікті жерлерін аралап, Ертіс-Баян өлкесінің табиғатының таңғажайып сұлулығына куә болды. Әсем табиғат аясындағы саяхат ерекше әсер сыйлап, ұмытылмас естеліктерге толы болды.

 

 

Ерекше атап өтеріміз, лагерь барысында жастар өз бастамаларымен “Таза Қазақстан”  акциясын қолдап, демалыс орнын тазалауға ат салысты.

Белсенді, саналы жастарымыз көп болғай…