Shakarim University базасында “Бір толқында” өңірлік жоғары оқу орындарының ынтымақтастық кездесуі өтті. 

 


Кездесуге Торайғыров университеті мен Марғұлан университетінің өкілдері қатысып, өзара тәжірибе алмасты. 

 

 

Аталмыш шара шеңберінде Шәкәрім университетінің құрылымдық бөлімшелері және оқу лабораториялары жұмыстары таныстырылды. AI- Sha, AI-SANA және университеттің ғылыми жобаларының көрмесімен басталған кездесуде Торайғыров университетінің Басқарма төрағасы - ректоры Нұрлан Медетов: "Әр университет өзінің материалдық-техникалық базасымен, ал бастысы кадрлық әлеуетімен ерекшеленетіні сөзсіз. Бүгін университет өкілдерінің өзара тәжірибе алмасып жатқаны үлкен игі шара және болашақта жағымды нәтижесін береді" - деп баса айтты. 

Ресми бөлімнен кейін университет өкілдеріне Шәкәрім мұражайы, Инжиниринг орталығы, Shakarim Lab зертханасы, екі бірдей спорт кешені жұмыстары таныстырылды.

 

 

“Шәкәрім Құдайбердіұлы - әмбебап интеллект феномені” атты дәрісі көпшілік назарына ұсынылып, қызығушылық білдірген жандар өз сұрақтарына жауап ала алды. 

 

 

“Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін валоризациялау” ғылыми-тәжірибелік орталығына барып ғалымдармен тікелей сұқбат құрып, пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды. 

 

 

Шәкәрім университетінің Басқарма төрағасы - ректоры Думан Рымғалиұлына және университет ұжымына мазмұнды шара үшін алғыс білдіреміз.