Торайғыров университетінде қызметкерлердің балаларына арналған дәстүрлі мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жыл сайын кәсіподақ ұйымының бастамасымен өтетін бұл мереке бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жарқын әсерге бөледі.

Мерекелік бағдарлама аясында балалар аниматорлармен түрлі ойындарға қатысып, қызықты байқаулар мен көңілді эстафеталарға белсенді араласты.
Шараның екінші бөлігі қызықты мультфильм көрумен жалғасты. 

Іс-шараның басты мақсаты – университет ұжымының балаларына шаттық сыйлап, отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Осындай игі бастамалар ұжым мүшелерінің өзара ынтымақтастығын нығайтып, университет қауымдастығының бірлігін арттыруға ықпал етеді.

Торайғыров университеті қызметкерлер мен олардың отбасыларына қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды алдағы уақытта да жалғастыра бермек.