Торайғыров университетінде 11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті. Бұл кездесу – мектеп бітіруші түлектердің жоғары оқу орнына түсуіне байланысты өзекті мәселелерді талқылауға арналды. Жиналыс барысында қабылдау ережелері, білім беру бағдарламалары, грантқа түсу мүмкіндіктері және оқу үдерісі туралы толық әрі нақты ақпарат ұсынылды.



Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі-проректор Нургожин Ринат Жасқайратұлы өз сөзінде: “Бүгінгі таңда балаға дұрыс бағыт-бағдар берудің маңыздылығы жоғары. Бұл тек мектеп ұжымының ғана емес, тікелей ата-ананың жауапкершілігі. Бүгінгі жиынымыздың басты мақсаты сұранысқа ие мамандықтарды таныстырып, сіздермен сұхбаттасу болып отыр”, -деп негізгі екпінді мәселелерге тоқталып өтті.



Кәсіби бағдарлау орталғының басшысы Ғабдолла Жалғас Жанболатұлы және әр факультеттің өкілдері ата-аналарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.



Ашық форматта өткен кездесу барысында қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарға нақты жауап алып, болашақ мамандық таңдауда маңызды ақпаратқа қанықты. Мұндай кездесулер ата-ана, мектеп және жоғары оқу орны арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, жас түлектердің саналы түрде кәсіби бағдар алуына және болашаққа сенімді қадам жасауына үлкен ықпал етеді.