Торайғыров университетінің әскери кафедрасында 200-ден астам студент салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Бұл – олардың Отан алдындағы жауапкершілігін сезініп, ел қауіпсіздігін қорғауға дайын екендерін білдіретін маңызды әрі тарихи сәт болды. Салтанатты рәсімге университет басшылығы, әскери кафедра оқытушылары, студенттердің ата-аналары мен жақындары қатысты. 

 

Іс-шара барысында қатысушыларға патриоттық рух пен әскери қызметтің маңыздылығы туралы айтылып, болашақ офицерлерге сәттілік тілектері білдірілді.

 

Торайғыров университетінің басқарма мүшесі, проректор Ринат Жасқайратұлы өз сөзінде: 
“Әскери тәртіп жауапкершілік пен еңбекқорлыққа тәрбиелейді. Отан қорғау - зайырлы мемлекетіміздің әр азаматының қастерлі борышы” - деді.

 

Ант қабылдаған студенттердің ата-аналарына сөз беріліп, шара салтанатты шерумен аяқталды