Торайғыров университетінде «6В020302 – Орыс филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

 

 

Зияткерлік сайысқа еліміздің түрлі жоғары оқу орындарынан іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары – студенттер қатысты. Қатысушылар орыс тілі мен әдебиеті саласындағы терең білімдерін, жоғары дайындық деңгейін, сондай-ақ дамыған аналитикалық және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

 

 

Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар мәтінге кешенді лингвистикалық талдау жасап, тілдік бірліктерді саралады, тарихи түсініктеме беріп, жалпы тіл білімі бойынша теориялық сұрақтарға жауап берді. Екінші кезең әдебиетке арналды: қатысушылар поэтикалық мәтінге тұтас талдау жасап, орыс әдебиеті шеберлерінің шығармашылығы туралы эссе жазды. Қорытынды кезең – «Визитка» шығармашылық байқауы – қатысушыларға өз оқу орындарын ерекше форматта таныстыруға мүмкіндік берді. Қойылымдар мәдени жады тақырыбына және мұраның қазіргі қоғамдағы рөліне арналды.

 

 

Олимпиада қорытындысы бойынша жеке есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бірінші орынды Аделина Граблева (М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті) иеленді. Екінші орынды Варвара Чайковская мен Елена Накоскина (ММУ) бөлісті. Үшінші орын Александра Идт, Дариға Бутабаева және Владислава Михайловаға (академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті) бұйырды.

 

 

Командалық есепте бірінші орынды М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының командасы (380 балл) иеленді. Екінші орынды академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті (229 балл) мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (214 балл) командалары бөлісті. Үшінші орынды Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (207 балл) және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (149 балл) командалары иеленді.

 

 

Олимпиада соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және марапаттармен марапатталды. Салтанатты жабылу рәсімі іс-шараның жарқын қорытындысына айналды.

Аталған олимпиаданы өткізу академиялық ұтқырлықты дамытуға, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және филологиялық білім беру саласындағы дарынды студенттерді қолдауға ықпал етеді.