Торайғыров университетінде жоғары білім беру саласындағы заманауи реформалар жағдайында БҒМ нормативтік-құқықтық актілеріндегі өзгерістер мен білім беру бағдарламаларын трансформациялау мәселелеріне арналған өңірлік семинар өтті.
 
 
Іс-шара бас корпус коворкингінде ұйымдастырылып, аймақтың жоғары оқу орындарының өкілдерін біріктірді. Қатысушылар нормативтік-құқықтық базадағы өзекті өзгерістерді және академиялық тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу мәселелерін талқылады.
 
 
Семинар барысында BES бастамасы аясындағы инженерлік білім берудің инновациялық модельдерін дамытуға, сондай-ақ білім беру үдерісіне цифрлық құзыреттерді кіріктіруге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, QS World University Rankings халықаралық рейтингі көрсеткіштері арқылы жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру тетіктері және «Атамекен» ҰКП жұмыс берушілерінің талаптары қарастырылды.
 
 
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өңір университеттерінде мамандар даярлау сапасын арттыруға және озық білім беру тәжірибелерін енгізуге бағытталған практикалық ұсынымдар әзірледі.