Торайғыров университетінің бүгінгі қадірлі қонақтарының қатарында AMANAT партиясының хатшысы, республикалық әйелдер қанаты кеңесінің төрағасы Каринова Шолпан Танатқызы, Парламент мәжілісінің депутаттары Ким Вера Александровна, Смышляева Екатерина Васильевна болды.
 
 
Көпшілік назарына ұсынылған көрмеде университеттің ғылыми әлеуеті негізге алынып, ЖИ бағытында жасалып жатқан жұмыстар көрсетілді. Сондай-ақ “Е.Бекмаханов атындағы өлкенің тарихы мен этнографиясы” ғылыми-тәжірибелік орталығы қорынан жинақталған кітап көрмесін тамашалап, ғылыми бағытта жүргізіліп жатқан ауқымды жобалардың таныстырылымына қатысты. Аталмыш көрме жұмысын Торайғыров университетінің Басқарма төрағасы - ректоры Нұрлан Әмірұлы Медетов тізгіндеді.
 
 
Шара “Ғылым Talks” өңірлік кейс-платформасы аясындағы “Әйелдің білімі - болашақ ғылымның негізі” атты ғылыми-сараптамалық конференциясымен жалғасын тапты.
Өз баяндамасында Шолпан Каринова:
 
- “Торайғыров университетінің ғылыми жобаларымен жіті танысып өттім. Әсіресе, көңілге із қалдырған коммерцализация бағытында, құрылыс, машина жасау, зоология бағыттарында жүргізіліп жатқан зерттеулер, педагогика-психология бағытындағы жобалар болды. Жұмыс топтарына ұсыныстарыңызды берсеңіздер біз өз жобаларымызбен қатар алып жүруге дайынбыз”-деді.
 
 
Конференцияда Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Қайыртасқызы Маликова өз сөзінде, осы конференцияда айтылған ойлар, ұсыныстар қоғамдағы зияткерлік ортаны дамытуға арналған құнды қадамдардың бірі екенін, сонымен қатар нәзік жандылар тек отбасының ұйтқысы ғана емес, ол ғылым мен білімнің, прогресс пен жаңашылдықтың қозғаушы күші деп атап өтті.
 
 
Павлодар облысының төрт жоғары оқу орнының ғалымдары өзекті тақырыптарда баяндама жасап, қоғамдағы әйелдердің рөліне кеңінен тоқталды.
 
 
Мазмұнды шара көпшілік қауымның көңілінен шығып, өзекті мәселелердің талқылануына негіз болды.