Торайғыров университеті мақтанышпен аса қуанышты хабармен бөліседі - профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Виктор Мерц Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Құрмет» орденімен марапатталды.

Ғылым қызметкерлерінің күніне орай аталған марапат ғалымның отандық археология ғылымын дамытуға қосқан елеулі үлесі, зерттеушілік табандылығы мен ғылыми ізденістеріндегі жоғары нәтижелері үшін табысталды.

Бүгінгі таңда Виктор Карловичтің еңбектері халықаралық деңгейде танылып, беделді ғылыми басылымдарда жариялануда. Ол шетелдік әріптестерімен тығыз ғылыми байланыс орнатып, Қазақстан тарихын зерделеу ісіне сүбелі үлес қосып келеді.

Құрметті Виктор Карлович, Сізді жоғары марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да ғылыми қызметіңіз жемісті жалғасып, жаңа жетістіктерге жетуіңізге тілектеспіз.

Ізгі ниетпен, Торайғыров университетінің ұжымы