Торайғыров университетінде 20-дан астам агроөнеркәсіп саласының өкілдері қатысқан «Агроөнеркәсіптік сектордағы ғылым, білім және өндіріс интеграциясы» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

 

 

Торайғыров университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Нұрлан Әмірұлы Медетов
Агроөнеркәсіп саласы өкілдерінің басын біріктірген шарада университет жайлы толықтай мағлұматпен бөлісіп, өз сөзінде: “Біздің университетіміздің тарапынан ғалымдарымыз сіздердің ұсыныстарыңыз бен жекелеген өнім мәселелеріне қолұшын созуға қашанда әзір. Бүгінгі дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты сіздерге сөз беру, пікір алмасу арқылы өңіріміздің агроөнеркәсіп саласының дамуына ықпал ету, үлесімізді қосу болып отыр”-деді. 

Шара жергілікті атқарушы орган өкілдері Ауыл шаруашылығы басқармасы, жоғары оқу орнының басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, шаруа қожалықтарының өкілдерінің қатысуымен өтіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

 

 

2027 жылғы мемлекеттік қаржыландыру мәселелері бойынша да сұрақтар көтеріліп, шаруа қожалықтарының өкілдері алдағы жылдың жоспарларына қатысты ой бөлісті.

Ахажанов Кайролла Касенович, «Зоотехнология және ветеринария» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты:
- Күнбағыспен айналысып гибрид жасап шығардық. Алдағы уақытта 3 гектар жерге егіп көрейік деген едік. Жоғары сапалы сұрыптарға қарағанда әлдеқайда жақсы сұрып, басқа түрлерге еш дес бермейді.

 


Ғалымның айтқан ұсынысына жеке кәсіпкер Тимофеев Дмитрий Григорьевич қолдау білдіруге даяр екендігін айтты. 

 

 

Нәтижелі жиында өнім шығарушылардан сұраныс болса, стандарттау сұрақтары бойынша әдістемелік тұрғыда да университет ғалымдары қолдау көрсетуге даяр екендіктерін жеткізді.