Open KazNU білім беру платформасында Торайғыров университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ынтымақтастығы аясында әзірленген «Біртұтас тасымалдау жүйесі» атты жаңа онлайн-курс өз жұмысын бастады.

 

 

Курстың авторлары — Торайғыров университетінің «Көлік техникасы және логистика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Ансаған Сүлейменов және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рысты Сартова.

 

 

Курстың негізгі мақсаты — көлік жүйесін тұтас кешен ретінде қарастырып, оның құрылымын, түрлерін, өзара байланыстарын және тиімді қызмет ету тетіктерін зерделеу. Оқу барысында тыңдаушылар көлік жүйелерін талдаудың заманауи әдістерімен танысып, оларды жобалау және басқару саласында практикалық дағдылар қалыптастырады.

 

 

Курсты сәтті аяқтап, барлық тапсырмалар мен бағалау элементтері бойынша кемінде 70% нәтижеге қол жеткізген қатысушыларға сертификат беріледі.

 

 

Курсқа қосылып, көлік жүйелері саласындағы біліміңізді жетілдіруге мүмкіндік алыңыз!