Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Торайғыров университетінде оқу орнының қызметкерлері – көпбалалы аналармен ректор Нұрлан Медетовтің кездесуі өтті. Іс-шара бейресми жағдайда, шай үстінде ұйымдастырылды.



Қуантатыны, университет ұжымында төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған 40-қа жуық қызметкер ана еңбек пен аналық міндетті табысты ұштастырып келеді.



TOU ректоры Нұрлан Медетов аналарды алда келе жатқан мерекемен құттықтап, қоғамның, ғылым мен білімнің дамуындағы әйелдердің маңызды рөлін атап өтті. Ол әйелдердің еңбегі елдің адами капиталын дамытуда, экономиканы нығайтуда және болашақ ұрпақты қалыптастыруда ерекше маңызға ие екенін жеткізді.



Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мен ғылым жүйесінің дамуы, сондай-ақ әлемдік үрдістер жөнінде пікір алмасты.



Университеттің дамуына қосқан үлесі мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегі үшін көпбалалы аналар алғыс хаттармен марапатталды.



Кездесу жылы әрі шынайы атмосферада өтіп, университет өміріндегі әйелдердің маңызды рөліне деген құрмет пен ризашылықтың белгісіне айналды.