Торайғыров университетінің жастары Семей қаласындағы Шәкәрім университеті базасында өткен DEBAT KOKTEMI V республикалық турниріне қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Білімді де бәсекелі ортада бақ сынаған студенттер тартысты пікірталас үлгісін көрсетіп, пікірсайыс мәдениетінің биік деңгейін танытты.

Турнир қорытындысы бойынша бас жүлде иегері – Нұрхан Ералы атанса, финалист ретінде Бупежанов Асқар марапатталды. Сонымен қатар «Жастар алаңы» номинациясының жеңімпазы Алиппайқызы Феризат болды.

Сондай-ақ Торайғыров университетінің студенттері Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті қабырғасында ұйымдастырылған облыстық MARGULAN CUP IV турниріне қатысып, табысты өнер көрсетті. Аталған додада Кәбзәкір Нұрай жеңімпаз атанып, Сарқытбек Сая ІІ орын иегері атанды.

Университетіміздің жастары жарқын жетістіктері арқылы қазақ пікірсайысының болашағының берік әрі нық екенін дәлелдеп келеді. Олар тек жүлделі орындарға ие болып қана қоймай, ұлттық ойлау мәдениетін, зияткерлік талдау мен парасатты пікір алмасудың жоғары үлгісін көрсете білді.