Торайғыров университетінде Павлодар облысының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында облыстық интеллектуалдық квиз ұйымдастырылды.



Аталған шара өңір жастарының білім деңгейін арттыруға, логикалық ойлау қабілетін дамытуға және зияткерлік әлеуетін шыңдауға бағытталды. Сайыс барысында 15 команда күрделі әрі мазмұнды сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алмасып, үздік атану жолында бақ сынасты.



Нәтижесінде:
І орын — Павлодар технологиялық колледжі;
ІІ орын — Торайғыров университеті;
ІІІ орын — Марғұлан университеті.

 


Барлық қатысушыларға және оқу орындарына белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!



Осындай зияткерлік сайыстар жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.