Торайғыров университетінде жас оқытушылар мен зерттеушілерге арналған қысқы мектеп аясында ұйымдастырылған «Университеттегі ғылым: идеядан коммерцияландыруға дейін» бағытындағы семинарлар сериясының жалғасы ретінде ғылыми зерттеулер нәтижелерін патенттеу мәселелеріне арналған тақырыптық семинар өтті.

 

 

Семинарды Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкілі, Торайғыров университетінің ғылыми әлеуетті дамыту және зияткерлік меншік бөлімінің патент жөніндегі маманы Александр Абраменко өткізді. Іс-шараға ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің магистранттары, докторанттары және оқытушылары қатысты.

 

 

Мұндай семинарларды өткізу жас ғалымдар мен оқытушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, инновациялық белсенділікті дамытуға және ғылыми зерттеулер мен олардың практикалық қолданылуы арасындағы тұрақты байланысты қалыптастыруға ықпал етеді.