Торайғыров университетінде денсаулық сақтау саласын қолдауға және өмірді сақтауға арналған «Донор күні» атты қайырымдылық іс-шара өткізілді.

 

 

Аталған акцияға университеттің студенттері мен қызметкерлері қатысты. Қатысушылар қан тапсыруға ерікті түрде қатысып, әлеуметтік жауапкершіліктің және азаматтық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті.

 

 

Іс-шара қорытындысы бойынша 61 адам донор атанды. Университет қабырғасында Донор күнін өткізу донорлық мәдениетті қалыптастыруға, волонтерлік қозғалысты дамытуға, сондай-ақ студенттік ортада өзара көмек пен ынтымақтастық құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді