Торайғыров университетінде облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі депутаттар мен студенттерді бір алаңға біріктірген әсерлі интеллектуалдық квиз өтті.
Бұл кездесу — тәжірибе мен жастық серпін, білім мен ашық диалог түйіскен мазмұнды формат.



Шараға Павлодар облыстық маслихатының депутаты Илья Тереченко, Павлодар облыстық маслихаты аппаратының басшысы Айымгүл Таласова, Павлодар аудандық мәслихатының депутаттары Мадина Джумадиева, Габиден Унгаров және Дамир Бишель, Железин аудандық мәслихатының депутаты Евгений Миронов, сондай-ақ Екібастұз қаласы жастар маслихатының депутаты Алуа Болат қатысты.



Депутаттар мен жастардың бір үстелде білім сайысына түсуі — жаңа ойларға, ортақ ұмтылыс пен серіктестікке жол ашқан жарқын диалог. Қысқа форматтағы бұл интеллектуалдық дода қоғамды жаңғыртуға дайын буын мен жауапты шешім иелерін жақындастырған маңызды қадам болды.



Осындай заманауи алаңдардың ұйымдастырылуы Торайғыров университетін аймақтық пікірталас, білім және жастар саясаты орталығы ретінде көрсетеді. Бұл квиз — тек ойын емес, Торайғыров университетінің қоғаммен байланысын күшейтетін, студенттердің әлеуетін арттыратын және өңірдің интеллектуалдық өмірін дамытатын маңызды қадам.