«Еуразия форумы 2025» өз жұмысын бастады. Халықаралық деңгейдегі бұл ірі алаңда Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының ғылым және жоғарғы білім министрлері негізгі спикерлер ретінде сөз сөйлеп, аймақтық интеграция, пәнаралық байланыстарды кеңейту және тәжірибе алмасудың өзекті мәселелерін талқылады.



Форумға Торайғыров университетінің Басқарма Төрағасы – ректор Нұрлан Медетов және проректор Салтанат Аубакирова қатысып, шетелдік және отандық әріптестермен байланыс орнату, жаңа серіктестік жобаларын талқылау және университеттің халықаралық бағыттағы бастамаларын таныстыру мүмкіндігіне ие болды.



Аталмыш форум халықаралық серіктестіктерді кеңейтуге және жаңа әріптестер арқылы бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға жол ашады. Сондай-ақ білім беру тәжірибесін алмасу аясында көршілес елдердің жетекші оқу орындарымен жаңа білім беру модельдерін талқылап, оқыту сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуына жаңа серпін беріп, Торайғыров университетінің аймақтық және халықаралық деңгейдегі беделін арттырады.