Торайғыров университетінде профессор Рустем Есімханұлы Кайдаровтың отандық құқық ғылымын дамытуға қосқан елеулі үлесіне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара оның 85 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

 


Шараға қатысушылар профессор Р. Қайдаровтың ғылыми қызметі криминалистика саласымен ғана шектелмей, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, криминология және экспертиза теориясын да қамтығанын атап өтті. Сонымен қатар университетте ғалым құрметіне ашылған криминалистика кабинеті бар екенін атап өтті.

 


Дөңгелек үстелде Рүстем Кайдаровтың құқықтық білім беруді дамытудағы рөліне ерекше назар аударылды. Өзінің мол тергеу тәжірибесінің арқасында ол ҚазМҚУ-де криминалистика және сот сараптамасы кафедрасын басқаруға шақырылған. Оның қызметі ғылым мен практиканың тиімді ықпалдасуының жарқын мысалы ретінде бағаланды.

 


Профессор Р. Қайдаров ұзақ жылдық тәжірибесіне және қылмысты тергеу технологиясын терең меңгеруіне сүйене отырып, криминалистикалық әдістемені жетілдіруге айрықша үлес қосты. Профессор Р. Кайдаровтың еңбектері Қазақстандағы заңгерлерді даярлауға және криминалистика ғылымының дамуына әлі күнге дейін елеулі әсер етіп келе жатқанын атап өту керек.