Торайғыров университетінде П.А. Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетінің Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Анастасия Николаевна Крикливаямен кездесу өтті. Кездесу екі университет арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылауға арналды.

 


Аталған университетпен 2024 жылдан бері бірлесіп жұмыс жүргізіп келеміз. Қолданыстағы әріптестік аясында 2026 жылғы қыркүйектен бастап Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Университетінің басым бағыттары бойынша бірлескен магистратура бағдарламаларын іске қосу мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, агрономия, биотехнология, экология және экономика салаларына басымдық берілді.

 


Кездесу барысында оң бағыттағы келіссөз жүргізіліп, тараптар өз ұсыныстарымен алмасып, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруды мақсат етіп, алдағы жүргізілетін жұмыстар айқындалды.