Торайғыров университеті QS ASIA UNIVERSITY RANKINGS рейтингінде 458-орынды иеленді.



Азия аймағындағы ең беделді рейтингтердің бірі саналатын тізімнің нәтижелері кеше жарияланды. Биыл рейтингке 25 елдің 1,5 мыңнан астам жоғары оқу орны енді. Өткен жылмен салыстырғанда 597 университетке артық қамтылған бұл рейтинг өз тарихындағы ең ауқымды нәтижесін көрсетті.



ToU Азияның ең үздік жоғары оқу орындарының қатарына сенімді түрде еніп, 458-орынды иеленді. Торайғыров университеті жұмыс берушілер арасындағы бедел, шетелдік студенттерді тарту және оқытушылар мен студенттер санының сапалы теңгерімі сияқты көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижелер көрсетті.



Университет өз позициясын одан әрі нығайту үшін жүйелі жұмысын жалғастырып, академиялық беделін арттыруға, шетелдік оқытушылар мен PhD дәрежесі бар қызметкерлердің үлесін көбейтуге және ғылыми жарияланымдардың дәйексөзделу көрсеткішін арттыруға баса назар аударып, жоғары нәтижеге жетуді мақсатқа қойып отыр.