Көрме “Қазақстан - академиялық білімнің аумағы” атты Халықаралық форум аясында өтті. Диалог алаңы еліміздің жоғары білім беру жүйесінде цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу саласындағы жетістіктерге арналды. Көрмеге ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, жетекші отандық жоғары оқу орындары, халықаралық ұйымдар мен технологиялық компаниялар қатысты.



Көрме барысында қазақстандық жоғары оқу орындары мен ұйымдардың инновациялық жобалары ұсынылды. Соның ішінде мемлекеттік тілді қолдау мен цифрлық тілдік технологияларды дамытуға бағытталған «Тіл-Қазына» Ұлттық орталығының әзірлемелері де таныстырылды.



Торайғыров университеті AI-Sana бағдарламасы аясында әзірленген үш жобасын ұсынды:
 • AI-Reception — студенттер мен келушілерді қабылдау және кеңес беру процесін автоматтандыруға арналған виртуалды көмекші;
 • AI Document Management — құжаттарды өңдеу, сақтау және талдауға арналған интеллектуалды жүйе;
 • NeuroNews — білім беру және ғылыми контентті қалыптастырып, жекелендіруді ұсынатын нейрожелілік жаңалықтар агрегаторы.



Ұсынылған шешімдер форум қатысушылары мен көрме қонақтарының зор қызығушылығын тудырып, университеттің жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы жоғары әлеуетін көрсетті. Көрмеге қатысу қорытындысы бойынша Торайғыров университеті ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл университеттің цифрлық бастамаларды дамыту мен жоғары білім беру жүйесінде инновацияларды ілгерілетуге қосқан елеулі үлесіне берілген жоғары баға.