Сабаққа «Жылу энергетикасы» кафедрасы филиалының ЖЭ-201 және ТЭ-202 топтарының студенттері қатысты.



Зертханалық сабақ «Жылу энергетикасы» кафедрасының меңгерушісі, профессор Амангелді Карманов, Түркиядан келген профессор Альперен Тозлу, энергетика факультетінің Ғылыми іс жөніндегі декан орынбасары, профессор Ұлтуар Жалмағамбетова және ToU халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры Бибігүл Ақшолакованың қатысуымен өтті. Сабақ VR көзілдірігі мен тренажерлардың қолданылуымен өтті. Екінші курс студенттері жылу энергетикалық жабдықтарды пайдалану және дәнекерлеу дағдыларын меңгеруге белсенді қатысты.



Профессор Альперен Тозлу ERG компаниясының құрамына кіретін Ақсу МАЭС өндірістік орталығындағы оқу жабдықтарының практикалық деңгейін жоғары бағалады. Мұндай мүмкіндік студенттерге өндірістен қол үзбей-ақ пәнді толық меңгеруге жол ашады. Торайғыров университеті мен ERG компаниясының серіктестігі алдағы уақытта одан әрі кеңейе түспек, өйткені ERG-нің Энергетика дивизионы құрамында бес кәсіпорын бар және олар әрдайым білікті мамандарға мұқтаж. Профессор Амангелді Карманов атап өткендей, бұл қажеттілікті өтеу міндетін «Жылу энергетика» кафедрасы сәтті атқарып келеді.