Торайғыров университетінің студенттері беделді Meta LLaMA Accelerator Kazakhstan бағдарламасының жеңімпаздары қатарынан көрінді.



Бағдарламаға 200-ден аса жобаны таныстырған мыңға астам әзірлеуші мен IT-мамандар қатысты. Олардың қатарында Neuro News атты веб-қосымшасын әзірлеген TOU командасы да бар. Қосымша жасанды интеллект көмегімен жаңалықтар құрастырады. Жобада инклюзивті функциялар да қарастырылған: дауыс көмекшісі, дальтониктерге арналған контраст тақырып, жаңалықтарды дыбыстау мүмкіндігі. Болашақта көз арқылы басқару және WordPress ядросымен интеграциялау жоспарлануда.



Жеңімпаз атанғандар: Өмірзақ Нұрдәулет (CS-304), Кириченко Станислав (CS-202) және Куленов Ислам (CS-202).

Студенттерді шын жүректен құттықтаймыз және жобаның дамуына сәттілік тілейміз!