Қарттар күніне орай Торайғыров университетінде мерекелік концерт ұйымдастырылды.



Салтанатты шараның қадірлі қонақтары – қара шаңырағымыздың абыройын асқақтатып, талай жыл аянбай тер төккен ардагер қызметкерлер болды.
Қонақтарды жастар саясаты, әлеуметтік және шаруашылық мәселелер жөніндегі проректор Ертарғын Шахман құттықтады. Ол Торайғыров университетінде тәжірибесімен бөлісуге дайын әріптестерді әрқашан қуана қарсы алатынын атап өтті.



Концертке халқымыздың дана сөзін арқау еткен «Қарты бар үйдің – қазынасы бар!» деген атау берілді. Ақсақалдарға арналған бағдарламаны ToU студенттік филармониясының өнерпаздары дайындады. Жастар ардагерлерге көңіл-күй сыйлап, денсаулық пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр тіледі.