Университет ректоры жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, студенттердің өзекті мәселелері мен бастамаларын талқылады.



Жиынға университеттің студенттік ұйымдарының төрағалары мен белсенді мүшелері қатысты. Олар өз бірлестіктерінің жұмысы, қазіргі жобалары және осы оқу жылына арналған жоспарларымен бөлісті. Кездесу барысында студенттік бастамаларды дамыту, іс-шараларды қаржыландыру, сондай-ақ шетелдік студенттер үшін жағдай жасау мәселелері көтерілді.



ToU ректоры Нұрлан Медетов жастардың барлық ұсыныстарын тыңдап, студенттердің талпыныстарын қолдауға дайын екенін білдірді. Сонымен қатар, ол университеттің дамуы үшін студенттік өзін-өзі басқарудың рөліне ерекше назар аудартты. Ұйым өкілдері де өз сұрақтары мен ұсыныстарын тікелей басшылыққа жеткізу мүмкіндігіне ие болды.



Айта кетерлік, бүгінгі күнде университетте мыңнан астам студентті біріктіретін 13 студенттік ұйым сәтті жұмыс атқаруда.