Торайғыров университетінде Түрікменстаннан келген студенттермен кездесу өтті.
 


Студенттерді академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ренат Нұрғожин қарсы алды. Ол білімге құштар жастарды университет қашанда қуана қарсы алатынын атап өтіп, оқуда сәттілік тіледі.



Құттықтауларға Foundation факультетінің деканы Сәуле Ксембаева мен International Office директоры Бибігүл Ақшулакова да қосылып, шетелдік студенттерді қолдауға әрқашан дайын екендерін жеткізді. Кездесу барысында студенттерге ToU құрылымы жайында мәлімет беріліп, оқу және ұйымдастырушылық мәселелер бойынша кімге жүгіну керектігі түсіндірілді.