Байбурт университетінің ғалымы ToU студенттері және оқытушалырымен жұмыс істейтін болады.

PhD доктор, профессор Альпен Тозлу Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламасы аясында Павлодарға келген кезекті ғалым. Ол Торайғыров университетінің Энергетика факультетінің педагогтарымен тәжірибе алмасып, студенттеріне дәріс оқитын болады.

Қонақты университеттің ғылыми жұмыс және зерттеулерді коммерцияландыру жөніндегі Басқарма мүшесі - проректор Нұрлан Ержанов қарсы алды. Ол әріптесіне сәттілік тілеп, өзара тиімді ынтымақтастыққа үміт білдірді.