Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жоғары оқу орындары өкілдерінің диалогі өткен аптада Бейжіңде өтті.



Конференцияға Қазақстан, Қытай, Ресей және Өзбекстан жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Қонақтарды Солтүстік Қытай электроэнергетикалық университетінің ректоры Би Тяньшу қарсы алды. Кездесу осы университеттің базасында өтті. Сондай-ақ, электр энергетикасын дамытуға жәрдемдесу жөніндегі Қытай қоғамы көміртегі шығарындыларының шыңына жету және көміртегі бейтараптығы жөніндегі арнайы комитеттің басшысы Лю Цзиньсун өз баяндамасын ұсынды.



Торайғыров университетінің ректоры Нұрлан Медетов өз сөзінде Павлодар облысының дамуына назар аударып, өңірдің негізгі бағыттары - индустрияны, машина жасауды, сондай-ақ дәстүрлі және инновациялық энергетиканы атап өтті. ToU басшысы университеттің энергетика саласы үшін мамандар даярлаудағы рөлін атап өтіп, әріптес жоғары оқу орындарын ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды.



Сонымен қатар, ToU делегациясы құрылыс материалдарын өндіру, интеграцияланған фотовольтаика және құрылыс, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтіру бойынша жобалармен айналысатын халықаралық орталыққа барды.