Торайғыров университетінің мәжіліс залында студенттер мен курсанттардың полиция департаменті өкілдерімен кездесу өтті.

 

Іс-шара қатысушыларын Торайғыров университетінің экономика және құқық факультетінің деканы Юрий Колесников пен Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейсов қарсы алды.

 

Кейін жастардың алдында тергеу басқармасының бастығы Берік Оралов, киберқылмыстар бойынша тергеу жүргізу бөлімінің бастығы Ренат Ахметзянов, киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Сүйіндік Қайырбаев және Павлодар қаласы Солтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Рустам Кизатов сөз сөйледі.

 

Қонақтар студенттер мен курсанттарға Қазақстанның қылмыстық заңнамасының қалай оңтайландырылғанын және бес кодекс пен он заңға қандай өзгерістер енгізілгенін жеткізді. Әсіресе қылмыстық кодекстегі дропперлік, сталкинг және некеге мәжбүрлеу сияқты жаңа ұғымдарға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ студенттерге полиция қызметіне қабылдану мүмкіндіктері жайлы ақпарат берілді.