Қазақстандағы ең ірі офлайн AI-хакатон еліміздің 20 өңірін біріктіріп, мектеп оқушыларын, студенттерді, мамандар мен кәсіпкерлерді инновациялық шешімдер жасауға жұмылдырды.

 

Павлодарда бұл шара Торайғыров университетінің базасында Pavlodar Hub-пен бірлесе өткізіліп жатыр.
Хакатонның алғашқы күні Solana Day деп аталды, бұл атау блокчейн трегінің атауымен байланысты. Тіркеуден өткеннен кейін қатысушылар мерчтерін алып, бірлік атмосферасын сезінді. Астанадан тікелей эфирде көрсетілген ашылу рәсімі барлық өңірлерді бір арнаға тоғыстырды.

 

Ашылу рәсімінен кейін командаларға тапсырмалар беріліп, олар бірден шешім іздеуге кірісті. Алғашқы брейнштормдар, идеялардың талқылануы мен шешімдерді пысықтау басталып кетті – олар ертең-ақ толыққанды жобаларға айналуы мүмкін.

 

Жүлде қоры – $20 000 және бағалы сыйлықтар: MacBook, iPhone немесе AirPods! Жеңімпаздар алдағы Digital Bridge 2025 халықаралық форумында салтанатты түрде марапатталады.

 

Барлық қатысушыларға батыл идеялар, шабыт пен өз күшіне сенім тілейміз. Бұл хакатонға қатысу жаңа білімге, жаңалықтарға және болашақ жетістіктерге апарар қадам болсын!